Президент ауыл әкімдерін сайлау жөнінде кеңес өткізді

Болат МӘЖИТ

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ЭК Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Аталған жиынға Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің басшылық құрамы, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері қатысты. Мемлекет басшысы алдағы өтетін сайлау науқанының маңыздылығын атады.

"Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Негізі, бұл біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ауыл әкімдерін сайлау туралы бастама Мемлекет Басшысының былтырғы Жолдауында көтерілген. Жиында Президент Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы ауылда тұратынын айта келіп, бұл саяси шара, ең алдымен, ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалып жатқанын жеткізді. Ауыл әкімдерін сайлау саяси реформаларға тың серпін беретінін айтты.

"Әкімдер — биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі. Жұрт олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Сондықтан тиімді мемлекет және әділетті қоғам талаптарына сай болу үшін алдағы сайлауды дұрыс ұйымдастыру өте маңызды", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров