Швецияда вакцина 16 жастан бастап егіледі

Болат МӘЖИТ

Әлеуметтік желіден

Швецияда енді 16 жасқа толғандарға COVID-19-ға қарсы екпе салынады, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Швецияның Local газеті жазады. Сол елдің Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігіндегілердің мәлімдеуінше, жасөспірімдерге жаппай вакцина салу тамыз айына таман басталады.

"Біз бүгін осындай шешім қабылдадық. Енді елдегі вакцинациялау бағдарламасына 16 мен 17 жастағы ұл-қыздар да кіретін болды" делінген агенттіктің хабарламасында.

Осы күнге дейін Швецияда 1 миллион адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелген. 14 мың адам індеттен қайтыс болған. Пандемия басталғалы бері 16 және 17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 150-і ғана вирус жұқтырып ауруханаға түскен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров