ШҚО-да шыбын-шіркей қаптады (видео)

Ержан ШАЙЖАН

Бейнеден кадр

Шыбын-шіркейден зәрезап болған Күршім ауданының тұрғындары үкіметтен көмек сұрауда, деп хабарлайды ЭК.

Әлеуметтік желіде базынасын жеткізген халық күндіз қара-құрым жәндіктен, кеш батса масадан мазалары қашатынын айтады. Зиянкестердің кесірінен балалар да үйде отыруға мәжбүр. Тұрғындардың айтуынша, жылда қайталанатын жағдай биыл тіпті асқынып кеткен.

Ал Күршім ауданының әкімдігі дезинфекция жұмыстары жақын күндері басталатынын айтып отыр.

"Биыл залалсыздандыру жұмыстарына 20 млн теңге бөлініп, байқау нәтижесі бойынша 9 млн. қаржыға шарт жасалды. Жұмыс кестесіне сәйкес екінші у себу кезеңі 24 маусымға жоспарланып отыр. Аталған жұмысты бақылауға жергілікті ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері, қоғам өкілдері тартылған", — дейді әкімдік өкілдері

Айта кетейік былтыр қара-құрым жәндікті залалсыздандурға 20 млн тенгеден астам қаржы жұмсалған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров