Ауруханада жатқан науқас терезеден секіріп қаза тапты

Болат МӘЖИТ

Pxhere

Оралдағы көпсалалы ауруханада ем қабылдап жатқан науқас терезеден секіріп өлді, деп хабарлайды ЭК

Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасынадығалыр мәлім етті.

21 маусымда 65 жастағы ер адам қан қысымының жоғарылауына байланысты ауруханаға түседі. Дәрігерлер науқастың қатты күйзелісте жүргенін байқайды. Психологтың кеңесінен кейін оның жақын адамынан айырылып, қайғыдан қан жұтқаны белгілі болады. Науқас дәрігерлерден өзін тезірек ауруханадан шығаруын өтінген. Бірақ туыстары оның денсаулығына алаңдап, ем-дом алуды жалғастыруын қалаған.

"22 маусым күні сағат 6.30-да дәрігерлер науқас жатқан палатаға кіріп, қан қысымын өлшейді. Содан кейін ол дәлізге шығып, үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Дәрігерлер оның жерде құлап жатқанын жарты сағаттан кейін көріпті. Дереу реанимациялық шаралар қолданылады. Бірақ науқасты аман алып қалу мүмкін болмаған", — делінген басқарманың хабарламасында

Оқыс оқиғаға байланысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров