COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 413267 ЖАЗЫЛҒАНДАР 388171 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4261
©ЭК/Андрей ХАЛИН
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 мың 496 жағдайы тіркелді, деп хабарлады бейсенбіде коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде 1 мың 248 Сovid-19 оқиғасы анықталды.
Пандемия басталғалы бері елде барлығы 413 мың 267 covid-19 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 568,
Алматы қаласында — 186,
Шымкент қаласында — 47,
Ақмола облысында — 36,
Ақтөбе облысында — 40,
Алматы облысында — 37,
Атырау облысында — 60,
Шығыс Қазақстан облысында — 78,
Жамбыл облысында — 21,
Батыс Қазақстан облысында — 91,
Қарағанды облысында — 145,
Қостанай облысында — 30,
Қызылорда облысында — 29,
Маңғыстау облысында — 36,
Павлодар облысында — 40,
Солтүстік Қазақстан облысында — 25,
Түркістан облысында — 27.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 388 мың 171 адам емделді, оның ішінде 876 адам соңғы тәулікте.