Гимнастикадан үш спортшымыз финалға шықты

Болат МӘЖИТ

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Катар астанасы — Дохада өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық үш гимнаст тамаша ойын өрнегін көрсетіп, ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды ЭК Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Лицензиялық турнирде Милад Карими ат снаряды және еркін жаттығуда бабы келіскен гимнаст екенін дәлелдеді. Ол гимнастикалық ат снарядында сегізінші, еркін жаттығу бойынша үшінші нәтиже көрсетті. Сөйтіп, екі жаттығу бойынша финалға шықты.

Тағы бір жерлесіміз Нариман Құрбанов та барын салды. Нариман ат снаряды бойынша іріктеуден бірінші орынға қол жеткізді. Сондай-ақ, Ілияс Әзизовтың көрсеткен өнері де жоғары бағаланды. Ол еркін жаттығуда бесінші нәтижеге көтеріліп, ақтық сынға жолдама алды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров