Жылқы мен түйе баққан Миллионер

Болат МӘЖИТ

© Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Талдықорғанның маңындағы Мойнақ ауылында жылқы мен түйе баққан Миллионер тұрады, деп хабарлайды ЭК

Миллионер Қажекенұлы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Баян-Өлгейден атажұртқа көшіп келген. Төрт түлік мал бағумен кәсіптенген отбасы шаруа қожалығының тіршілігін бірден қолға алады. Ата дәстүрдің білгірі екенін ерен еңбегімен дәлелдеді. Аз уақыттың ішінде мал басын көбейтіп, одан сапалы өнімдер ала бастады. Қымызханалар Миллионердің шұбаты мен қымызына сұранысты көбейтті. Соның арқасында табысы еселене түсті.

© Жұмабай МҰСАБЕКОВ© Жұмабай МҰСАБЕКОВ
© Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Қазір шаруа қожалығында 70 бие, 30 түйе бар. Ірі қараның саны 40-қа жеткен. Миллионердің ұлдары да әке жолын жалғастырып, ата кәсіпті дамытып жатыр. Жиған-терген қаржысына Қараталдың бойындағы 50 гектар жерге қора салып, үй тұрғызды. Оның айналасын аббатандырды. 500 гектар алқапты иеленііп, жайылымнан таршылық көріп отырған жоқ. Баққан малдарының қоңды болатыны сондықтан. Отбасын да асырап, басқаларға да қол ұшын беріп, жомарттық танытады.

"Оның аты да Миллионер, заты да миллионер" дейді ауылдастары риза кейіппен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров