F тобының кездесулерін Франция мен Португалия құрамалары түйіндеді

Нұрболат АДЫРБЕК

© Getty images

Еуро-2020 топтық кезеңінің F тобының соңғы турында Португалия құрамасы Франция құрамасымен тең ойнады, деп хабарлайды ЭК

Португалдық Криштиану Роналду пенальтиден дубль жасаса, Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема да қарсыласқа дубльмен жауап қайтара білді.

©Reuters/Bernadett SZABO©Reuters/Bernadett SZABO
©Reuters/Bernadett SZABO

Бірінші тайм португалиялықтардың жойқын шабуылы арқылы допты және алаңды өз бақылауына алғандығымен басталды. 16-минутта Криштиану Роналду француздардың қақпасына пенальти белгіледі.

Осы жерде есеп ашылды. Алғашқы тайм аяқталуға жақын қалғанда төреші француздарға да пенальти белгілеуіне мүмкіндік берді. Карим Бенземаның мергендігі таймды 1:1 деген есеппен аяқтауға мүмкіндік берді. Екінші тайм француздардың ә дегенде соққан жылдам голымен басталды, 47-минутта дәл сол Карим Бензема гол соқты. Араға 13 минут салып португалиялықтарға қарымта қайтарудың мүмкіндігі туды. Француздардың қақпасына тағы бір пенальти белгіленді, оны дәл сол Рональду тепті.

©Reuters/Franck FIFE©Reuters/Franck FIFE
©Reuters/Franck FIFE

Кездесудің қалған уақыттарында Франция құрамасы толассыз шабуылдар ұйымдастыра алғанымен, есепке өзгеріс енгізе алмады. Бұл әрекетіне португалиялықтарға қарағанда жеңіске сәл жақын болды деп те айта аламыз. Бірақ матч тең аяқталды (2: 2).

Осылайша, француздар өз тобында 1-орынға шықса, португалдар 3-ші орында қалды. Және осы ойынның үздік ойыншысы деп франциялық Карим Бензема танылды.

Енді Франция құрамасы чемпионаттың 1/8 финалында Швейцария құрамасымен кездеседі. Ойын 28 маусымда Бухаресттегі ұлттық стадионда өтеді. Ал Португалия Белгия құрамасымен 27 маусымда Севильядағы (Испания) Олимпико-де Картуджа стадионында кездеспек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров