АҚШ Иранға қатысты барлық санкцияларды алып тастамақ

Нұрболат АДЫРБЕК

©Reuters/ Leonhard FOEGER

АҚШ Иранның мұнай-газ секторына және кеме қатынасына, сондай-ақ елдің жоғарғы басшылығына салынған санкцияларды алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ЭК.

Иран президенті әкімшілігінің басшысы Махмуд Ваези, бүгінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп салған барлық сақтандыру, мұнай және тасымалдау санкцияларының күшін жою туралы келісім жасалғанын хабарлады.

Reuters мәлімдегендендей, қол жеткізілген келісімге сәйкес, Америка Құрама Штаттары 1040-қа жуық түрлі шектеулерді алып тастайды. Сонымен қатар Иранның жоғарғы көшбасшылығына жақын қызметкерлер мен кейбір жекелеген тұлғаларға қойылған шектеулерді де алып тастау келісілген.

АҚШ пен Иран, сондай-ақ ядролық келісімге қол қойған басқа да елдер Венада келісілген өз міндеттемелерін орындау үшін ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізіп келеді.

Бірақ, бұл келіссөздердің аяқталатын уақыты әлі де алыс екенін айтып жүрген саяси тұлғалар бар. Солардың бірі Германияның сыртқы істер министрі Хейко Маас, Тегеран мен өэге державалардың келіссөздері оң шешілуі үшін әлі де үлкен кедергілер бар екенін атап өтті.

2015 жылы құрамында АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Франция, Қытай, Германия және ЕО бар бірқатар елдер Иранмен Ядролық іс-қимылдың жан-жақты жоспарына қол қойғанын айта кетейік. Олар, Иран билігі экономикалық санкциялардан құтылу үшін, ядролық бағдарламасынан бас тартуы керек деп талап қойған болатын.

Сол кезде бұл талапқа Тегеран ресми келісе қоймаған. Кейінірек, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп АҚШ-ты Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келісімнен шығарып, Иран режиміне қарсы жаңа санкциялар енгізе бастаған.

Қазіргі уақытта Иранның жаңадан сайланған президенті Эбрахим Раиси АҚШ-ты ядролық келісімге оралуға шақырып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров