Атырау әуежайы сатылымға шығарылады

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желіден

Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы сатылымға шығарылып, жекенің қолына өтеді, деп жазады ЭК.

Қазір әуежай облыс әкімдігіне тиесілі. Одан түсетін пайда мен жыл сайынғы кететін шығын есептеліп жатыр. Осыған байланысты әуежайдың бағасы қойылып, сатылымға шығару көзделген. Жоспар бойынша бұл іс 2023 жылы жүзеге асуы тиіс. Ал, егер есептеулер мен құжаттар жоспарлы межеден ертерек дайын болса, сатылымға шығарыла береді.

Бәсекелес ортаға беру үшін жекешелендіруге жататын Атырау облысындағы нысандар белгіленді. Қазір олардың сауда-саттыққа түсетін жылы да нақтыланды. Осы тізімге Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы да кірді,

деп мәлімдеді облыс әкімдігінің баспасөз-қызметі.

Алдағы уақытта облыс аудандарында тағы үш әуежай салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Атыраудан Амстердамға (Нидерланды), Стамбулға (Түркия), Франкфурт-Де-Майн (Германия), Мәскеу (Ресей), Шарм-эль-Шейх (Египет) қалаларына тікелей ұшуға болады.

Жекешелендіруден түскен қаржы жергілікті бюджет қорын толықтырады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров