Шығыс Қазақстанда мал неден қырылып жатыр?

Фархат ӘБІЛОВ

Pixabay

Өлген малдан қауіпті ауру табылмаған, деп хабарлайды ЭК.

Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Шілікті ауылында белгісіз аурудан жаппай мал қырылды деген ақпарат тараған болатын. Алайда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Бүгінгі таңда Шілікті ауылдық округінде аса қауіпті аурудан мал өлген жоқ. Биыл мамыр айының басында өңірдегі шаруашылықтардың бірінде малдың жаппай қырылған. Содан кейін анаэробты энтеротоксиннің салдарынан 102 қозының өлгені анықталған болатын. Сонымен қатар, жайылымдарды тексергенде де улы немесе басқа да зиянды ештеңе анықталмады. Үлкен қойларда аурудың белгілері болған жоқ. Осыған байланысты ветеринарлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шаруашылық иесіне бұл жағдайда өлген малға өтемақы төленбейтіні айтты. Сонымен қатар, 2020 жылы және биыл бірінші жартыжылдықта жергілікті атқарушы органдардың ветеринария қызметі эпизоотияға қарсы іс-шаралар кешенін уақтылы жүргізген", — деп мәлімдеді министрліктің баспасөз-қызметі.

Қазіргі таңда еліміздегі барлық төрт түлікке аса қауіпті ауруларға қарсы екпе егілген.

Биыл мамыр айында қозылар өлгеннен кейін Шілікті ауылдық округінің малы ветеринар мамандардың қатаң бақылауында болады. Сондықтан Шілікті ауылында малдың жаппай қырылып жатқаны туралы ақпарат тексерілмеген және жалған,

деді АШМ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров