Жәнібек Әлімханұлы жеңісін қайталай ала ма?


Жәнібек Әлімханұлы / Роб Брант
Кәсіпқой рингте бірде-бір жеңіліс көрмеген жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы 26 маусымда бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантпен жұдырықтасады, деп хабарлайды ЭК.
Бокс кеші Лас-Вегаста өтеді деп күтілуде. "Қазақ стилін" әлемге паш етеміз деген Жәнібектің командасы бұл жолы да жеңіс жолынан шықпайтындарын айтады.
Жекпе-жек 10 раундқа есептелген. Айта кетейік Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін қазан айында аргентиналық Гонсало Корияға қарсы өткізіп, нокаутқа жәберген болатын. Ал америкалық Роб Брант рингке 2020 жылдың тамызында шыққан.
Осы уақытқа дейін 9 рет жеңіс тұғырынан көрінген боксшымызға әлеуметтік желі арқылы сәттілік тілеп жатқан жандар көп.