«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы қызметкері алаяқтықпен айналысқан

Кәмшат ҚОПАЕВА

instagram.com / fcaktobe_official

Клубтың бұрынғы қызметкері жанкүйерлерге 60-тан астам жалған абонемент сатқан, - деп хабарлайды ЭК.

"Ақтөбе" футбол клубында төрт жыл істеген бір қызметкер 25 мамырда өз еркімен жұмыстан шығады. Ол кеткеннен кейін клубқа жанкүйерлер хабарласа бастайды. Олардың футбол матчтарына алған абонементтері жалған болып шыққан. Ал абонементте жұмыстан кеткен қызметкердің есімі жазылған.

Футбол клубы баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты ешқандай билет дайындалмаған. Алғашқы турларда стадионға санаулы ғана жанкүйер кіргізілген. Өңір жасыл аймаққа енгеннен кейін де санитарлық талап бойынша стадионды адамға толтыруға рұқсат жоқ. Сондықтан биылғы маусымда билеттер тек матч алдында ғана сатылады. Осыған қарамастан клубтың бұрынғы қызметкері жалған абонементтер дайындаған. Одан клубтың 60-қа жуық жанкүйері алданған.

Келтірілген шығын көлемі 2 миллионнан асады. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов ҚР Қылмыстық Кодексінің "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалғанын айтты. Күдікті қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров