Өкілетті орган вакцина төлқұжаты сатылғанын мойындады

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Алматы қаласы мен Алматы облысында екпе салмай-ақ вакцина төлқұжатын сатудың үш дерегі анықталып отыр, деп хабарлайды ЭК.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мұндай түйткіл барын растады. Оның айтуынша, қазір аталған үш іс бойынша ішкі істер органдары тергеу-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

"Денсаулық сақтау министрлігі бұған қарсы тиісті шара қабылдап жатыр. Бірегей төлқұжат жасалынып жатыр. Әр құжатта QR код болады. Осы арқылы жалған құжаттар бірден анықталады. Жалған құжат жасамау үшін, біз ПТР анықтамаларға да QR код орнаттық", — дейді Ержан Байтанаев.

Сонымен қатар, вакцина салатын емханаларда медициналық қызметкерлерімен де жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Әр құжат мұқият тексеріледі. Келіп тұрған сол адам ба, жоқ, орнына басқа біреу келіп тұр ма, бәрі қатаң қадағаланатын болады", — деді ресми өкіл.

Журналист Әсел Төлегенова әлеуметтік желіде екпе салдырмай-ақ вакцина төлқұжаты сатылып жатқанын айтып, дабыл қаққанын айта кетейік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров