Алматыда көлік жүргізушісі полицейді қағып кетті (видео)

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Бейнеден кадр

Алматы тұрғыны "BMW X6" көлігімен полицейді қағып, оған тәртіп сақшыларының өзін кінәлады, деп хабарлайды ЭК.

Оқиға Алматы қаласының Медеу ауданында болған. "BMW X6" иесінің жұбайы Тайыр Балбаевтың айтуынша, әйелі Достық көшесінің бойымен оң жақа қарай қозғалған. Осы сәтте сол жолақта тұрған потрульдік полиция көлігінен қызметкер шыққан. Әйел оны айналып өтпекші болғанда полицейдің иығынан қағып кеткен.

"Мен куәгер болған жоқпын, бірақ әйелімнің айтуынша, полиция қызметкері көлігімен әйелімнің машинасының алдына тоқтаған. Әйелім оны айналып өтпек болғанда полиция көліктен түскен. Сол сәтте оны қағып кетті. Жолдасым дереу машинаны қойып, онымен сөйлесе бастаған. Полицей жедел жәрдем шақырды. Біз кінәлі емес екенімізге сенімді болдық. Мен бәрі жақсы боларына сенімді едім. Алайда олай емес. Әйеліме қоңырау шалып, эвакуатор келгенін, оның көлігі айып тұрғаны апаратынын айтты", — деді Тайыр Балбаев өзінің Facebook парақшасында .

Сондай-ақ көлік иесінің күйеуі полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне наразы. Олар әйеліне қысым жасап, кінәсін мойындауды талап етуде дейді. Бірақ жазба иесі әйеліне ештеңеге келіспеуге, алда болатын сотта барлығы ескерілетініне сендірген. Алайда оның жазбасынан әділдіктен күдер үзгенін байқауға болады.

Болған оқиғаға қатысты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді.

"BMW-X6 автокөлігінің жүргізушісі өзінің қызметтік көлігінен жырақта тұрған және Nissan Patrol көлігін тексеріп жатқан патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының инспекторын қақты. Салдарынан полицей жарақат алды. Сол жақ білегі көгерген, оны жедел жәрдем ауруханаға жеткізді. Бұл жол апаты ресми тіркелген, соқтығысқан көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды. Сондай-ақ, бұл жерде адам қаққан көлік жүргізушісінің әрекеті таңғалдырды. Ер адамды көлігімен қаққан соң ол оған көмектесуге асықпаған. Керісінше, полицияны машинасының айнасына зақым келтірді деп айыптай бастаған.Осы жол-көлік оқиғасы туралы шешім қабылдау үшін әкімшілік іс жүргізу материалдары сотқа жіберіледі", — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров