Ақтөбе облысынан зат ұрлап, Атырауға арзан бағамен сатқандар ұсталды

Кәмшат ҚОПАЕВА

ПД баспасөз қызметі

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында дүкендерге ұрлыққа түсуді әдетке айналдырған Атырау облысының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды ЭК.

Жиырмадан асқан екі жігіт Байғаниндегі дүкеннің бірінің терезесін сындырып, ішінен ішімдік пен темекі ұрлаған. Олар бұнымен тоқтамай, тағы бір дүкеннен "Sony Playstation 4" бейне приставкасы, джойстик пен дискілерді қолды қылады. Осылайша құны 1 миллион теңгеден асатын заттарды жымқырған.

Күдіктілер Атырау облысы Мақат ауданының тұрғындары болып шықты. Олар бұған дейін де бірнеше рет ұрлық жасап, қолды қылған заттарды Мақаттағы дүкендерге арзан бағамен сатып келген. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 188- бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция департаменті кәсіпкерлерге қойма және өзге де нысандарға бейне бақылау орнату керектігін ескертеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров