Мерген Месси

Нұрболат АДЫРБЕК

©Reuters/Ricardo MOLINA

Бүгін аты аңызға айналған футбол жұлдызы Лионель Андрес Мессидің (1987 жылдың 24 маусымы) туған күні, деп хабарлайды ЭК.

Әйгілі аяқ доп шеберінің дүние есігін ашқан күніне орай спортшының жеке өмірі мен жетісітіктері жайлы аз-маз мәлімет бере кетсек артық бола қоймас. Футболшының әкесі Хорхе Месси зауытта жұмысшы, ал анасы Силия Месси көше сыпырушы болған. Әйгілі футбол жұлдызы осындай қарапайым аргентиналық жанұяда өсті.

Оның алаңдағы позициясы шабуылшы. Ал, спорттағы жетістіктеріне тоқталcақ, Лео 2011 жылдан бері Аргентина құрамасының капитаны. Аргентина құрамасы мен "Барселона" клубы тарихындағы ең үздік мерген деп танылған. Ол, 2010, 2012, 2013, 2017, 2018, 2019 жылдары "Алтын бутсы" иегері атанды. Ал, 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019 жылдары "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды (рекорд). Айта кету керек, осы "Алтын допты" Мессиге дейін алты рет иеленген бірде-бір футболшы болған жоқ. Бір рет әлем чемпионатының (2014), екі рет Америка кубогының (2015, 2016) күміс жүлдесін иеленді.

Аргентиналық футболшы қазіргі таңда әлемдегі ең танымал ойыншы ғана емес, ең табысты футболшы ретінде де мойындалған. Француздық France Football басылымы жариялаған 2019 жылдың ең табысты футболшыларының рейтингінде көш басында осы Аргентина құрамасының капитаны тұрды. Оның таза табысы қатысқан ойындары мен түскен жарнамаларынан алатын қаламақысымен қосқанда 131 млн еуроны құраған.

©Reuters/Ricardo MORAES©Reuters/Ricardo MORAES
©Reuters/Ricardo MORAES

Алайда, әлемдегі миллиондаған жанкүйері қанша жерден үздігіп білгісі келсе де атақты футболшы өзінің жеке өмірі жайлы көп тіс жара бермейді. Тек, тапқан табысының көп бөлігін қайырымдылық пен жасөспірімдер фуболын дамытуға бөлетінін ғана айтумен шектеледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров