Тұңғыш президент Ассамблеяға өмір бойы төрағалық етуден бас тарта алады

Риза ИСАЕВА

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан үкіметінің 15 маусымдағы №408 қаулысына Асқар Мамин қол қойды.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуден бас тарту құқығы беріледі, деп хабарлайды ЭК аdilet.zan.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2011 жылдың 7 қыркүйегіндегі №149 Жарлығына Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін", — делінген құжатта.

5-тармақ бойынша мынадай редакция ұсынылады:

Қазақстан Республикасының президенті:

1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады;

2) Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды;

3) Ассамблеяның басшылық лауазымды қызметкерлерін тағайындайды және қызметтен босатады;

4) Ассамблея сессиясына шақырады;

5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.

Сондай-ақ құжат келесі мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылған:

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті — Елбасыға өмір бойы Ассамблеяны басқару құқығы тиесілі, одан ол бас тартуға құқылы".

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров