ШҚО-да ауыл тұрғындарының мойнына 145 миллион теңге қарыз ілінген

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Ауылдастарын қарыз батырған фермердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ЭК.

Еуразия Бірінші арнасы мәлімдегендей, бір ауылдың 30 тұрғынына шаруашылықты дамыту үшін ақша алғызған фермер көп өтпей банкрот жариялап, қарыз несиесін тұрғындар мойнына ілген.

Біз ақша алған жоқпыз, алмақ түгілі ол ақшаны көрмедік. Олар бізге бір парақ беріп соған аты-жөнімізді толық жазып қол қою керек екенін айтты. Барлығымыз қол қойдық, содан кейін ғана әрқайсымыздың мойнымызға 3 миллион қарыздың ілінгенін білдік,

дейді ауыл тұрғыны Ольга Толмачева.

Бүгінде өздері алмаған несиеден құтқару үшін көмек сұраған ауыл тұрғындары құзырлы органдарға арызданған. Бірақ нәтиже жоқ. ал тұрғындардың адвокат жалдауға да қаражаты жоқ. Тіпті қарыз зейнеткерлердің есеп шоттарынан да ұсталып жатыр екен. Бұл заңсыздықты тоқтаудың амалын таба алмадық дейді.

Бір айдың ішінде екі тергеуші ауысқан. Алданғандар бұл іс ұзаққа созылып кете ме деп қорқып отыр. 30 адамды 145 750 600 теңге қарызға батырған фермер жұмысын тоқтатқан жоқ, дейді тұрғындар.

Осы істе туысының да қатысы бар тәуелсіз құқық қорғаушы Татьяна Дерябина тұрғындар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтады. Өйткені мемлекет алдындағы қарызды жаба алмауы мүмкін.

Ал ауыл әкімі болса, өз ауылдастары үшін көмек сұрап отыр.

Біз көмектесе алмаймыз, өйткені олардың барлық есепшоты бұғатталған, олардан несие зейнетақыдан да, жалақыдан да ұсталып отыр. Қарыздары өте көп, оны реттеуге көмек керек,

дейді Өскемен ауылдық округінің әкімі Оксана Қарабалинова.

Полиция фермерге қатысты қылмыстық істің қозғалғанын және тергеу құпиялығына байланысты кейбір мәлімет жария етілмейтінін айтады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров