Индонезиялық музыкант сасандода «Дайдидау» әнін орындады

Кәмшат ҚОПАЕВА

Бейнеден кадр

Индонезияның дәстүрлі әншісі Наталино Мелла сасандо аспабында қазақтың әйгілі әні «Дайдидауды» орындады, -деп хабарлайды ЭК.

Индонезиялық әншінің Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "Дайдидау" әнін орындағын видеосы dimashnews сайтында жарияланды. Аспаптың ерекше әуезі әнді құлпырта түскен.

Сасандо — Индонезиядағы Роти аралы тұрғындарының дәстүрлі музыкалық аспабы. Аспап бабук түтігінің цитрасынан жасалған. Оның өзге аспаптардан ерекшелігі — ішекпен қоршалған резонаторы бар. Резонатор Оңтүстік Шығыс Азияда өсетін лонтарлы пальма жапырақтарынан дайындалған.

dimashnews.comdimashnews.com
dimashnews.com

2017 жылы Димаш Құдайбергеннің Индонезиядағы "Dimash Indonesia Dears" фан-клубының мүшелері елінің мәдениетін таныстыру үшін, сасандо аспабын әншіге сыйға тартуды ұйғарады. Осылайша олар сасандода шебер ойнайтын Наталино Мелламен байланыс орнатады. Ол Димашқа сасандо аспабын жасайды. Биыл 26 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы Индонезия елшілігінде аталған аспап Димашқа сыйға берілді. Ал аспапты Қазақстанға жіберу үшін жанкүйерлер 4 жыл бойы әрекет еткен. Сәті биыл түсіпті.

dimashnews.comdimashnews.com
dimashnews.com

Сасандоның түрі көп. Оны шеберлер қолмен жасайды. Ал Димашқа сыйға берілген сасандо 45 ішекті және арнайы тұғыры бар. Әншіге аспапта қалай ойнау керектігі жазылған кітапша да қоса берілді.

Биыл 17 маусымда "Dimash Indonesia Dears" фан-клубы Наталино Мелладан күтпеген хабарлама алады. Ол әйгілі "Дайдидау" әніне бейне жазба түсірген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров