Алматыда бір күнде 7 мыңнан астам вакцина алды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 7 307 адам вакцина алды, деп хабарлайды ЭК.

Ақпан айынан бастап Алматыда 393 529 адам вакцина алған. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаладағы ахуал күрделі.

Айталық, 2021 жылдың 23 маусым күні коронавирус инфекциясының 186 жаңа жағдайы тіркелген. Оның 166-інің симптомдық белгілері бар және 20-сы симптомсыз. Келіп түскен 80 адамның 73-і емделіп шыққан. Инфекциялық стационарларда жалпы саны 624 адам ем алып жатыр. Оның 31-і бала.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 51 адам жатыр. Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 950 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 790, симптомсыз 160 науқас бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров