Сәбіз үшін құрақ ұшқан құда чатты жарды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

© ЭК

Бұл жолы сәбіз бен картоп бағасының қымбаттауы вайнерлердің назарына ілікті, деп хабарлайды ЭК.

Бірінші видеода күйеу жігіттің бастық әкесі болашақ құдасының егіс алқабында жұмыс істейтін қарапайым адам екенін естіп, ызаға булығады.

Біздің теңіміз емес. Алқапта істейтін адаммен құда боламын ба?

деп шіренеді.

Бірақ артынша, құдасының сәбіз бен картоп өсіретінін білгенде, жадырап қалады. Дереу телефон нөмірін алып, құдасына қоңырау шалып, хәл-жағдайын сұрап, құрақ ұшады.

Екінші видеода сәбізді қымбат тауар саудасындай дипломатқа салып, екі адамның екеуара мәміле жасағаны көрсетілген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров