Ауласына қара сора еккен ауыл тұрғыны сотталуы мүмкін


ПД баспаөз қызметі
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр-деп хабарлайды ЭК.
Түркістан облысы, Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның ауласынан 22 түп қара сора тәркіледі.
Сот-сараптамалық зерттеудің нәтижесінде тәркіленген қара сора есірткі заты екендігі белгілі болды.
Тұрғын да өз кінәсін толық мойындаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.