Көлікте темекі шеккендерге айыппұл салынады

Ержан ШАЙЖАН

Әлеуметтік желіден

Бұдан былай учаскелік инспекторлардың құзыреті кеңейді, деп хабарлайды ЭК

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне түзетулерді Сенат енгізіп отыр. Айыппұлды учаскелік полицейлер өз бетінше салуға құқылы. Тек айнытпас дәлел келтірсе болғаны.

Бұдан бөлек инспекторлар түн кезінде кәмелетке толмағандар қараусыз ойын-сауық орындарда жүрсе, көлік құралдарына қасақана кедергі келтіргендер болса, түрмеден шыққан адамдардың арасында сот белгілеген шектеулерді орындамайтындар болса, оларға хаттама толтырып, айыппұл салынады.

Көлікте отырып темекі шеккендерге айыппұл көлемі 15 АЕК, яғни 43755 теңге деп белгіленіп отыр.

Сенатор Андрей Лукин учаскелік полицейлердің міндеттеріне қатысты түсініктеме берді.

"Мысалы 2020 жылы көлікке қасақана кедергі келтірген 23500 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Ал беймезгіл уақытта түнгі ойын-сауық орталықтарда жүруіне қатысты мыңға жуық дерек тіркелген. Тек биыл 400-ге тарта заң бұзушылық анықталды. Бұдан былай оларды бақылап, айппұл салу ішкі істер органдардың басшылық құрамы емес, учаскелік инспекторлардың құзыретіне кіреді", — деді Лукин.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров