Ақтөбеде ер адам дүкенді ойыншық тапаншамен тонамақ болды

Кәмшат ҚОПАЕВА

Pxhere

Қаладағы дүкендердің біріне тапанша ұстап кірген ер адам, сатушыдан ақша талап еткен, -деп хабарлайды ЭК.

Ер адам сатушыны тапаншамен қорқытып, кассадан ақша алып беруді талап етеді. Сатушыда қарап тұрмай, қарсылық көрсетіп қарақшыны дүкеннен қуып шыққан. Есікті іштен кілттеп, дереу полицияға қоңырау шалады. Патрульдік полиция қызметкерлері тез арада 37 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Оның қолындағы қаруы ойыншық тапанша болып шықты. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің "Қарақшылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров