Бассейнге барған бала өлім аузынан қалды

Ержан ШАЙЖАН

Алматыдағы "Апорт Молл" сауда орталығында орналасқан спа-да жеті жастағы баланың басына темір киім ілгіш құлап кетті, деп хабарлайды ЭК.

Алматылық Олеся Сисамутдинованың айтуынша ол ұлымен бассеинге демалуға барған. Шомылып жүрген баласының басына бассейн қасында тұрған ауыр киім ілгіш құлапты. Алған соққыдан баланың бас терісі жарақат алып, ауруханаға жеткізіледі.

"Ұлымның жағдайы қазір бір қалыпты. Бірақ соққы алған күні түнімен құсып, ұйықтай алмай шықты. Психологиялық шок алған. Бассейннің қасына неге қауіпті заттарды қойғанын түсінбедім. Қайта құдай сақтады. Менің орнымда басқа біреудің баласы болуы да мүмкін еді ғой. Сондықтан бұл нәрсе жауапсыз қалмауы керек", — дейді Олеся.

Баланың анасы "Апорт Молл" сауда орталығы әкімшілігінен моральдық өтемақы талап ететінін айтады. Егер орындамайтын болса Қарасай аудандық полиция басқармасына арызданбақ.

Біз бұл мәселе жөнінде аталған орталық басшылығына хабарласып мән-жайды білгіміз келген. Бірақ олар қандай да бір сұхбат беруден бас тартты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров