"Баспана Хит" бағдарламасы бойынша енді пәтер берілмейді

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

© ЭК

Банктердің басым көпшілігі "Баспана Хит" бағдарламасына өтінімдер қабылдауды аяқтады, деп хабарлайды ЭК.

Елімізде "Баспана Хит" бағдарламасына бөлінген 600 миллиард теңге толық игерілген. Бұдан былай Ұллтық банк бұл бағдарламаға қаржы бөлуді тоқтатты. Сондықтан "Баспана Хит" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасына енді банктерде өтінім қабылданбайды. Тек бұған дейін мақұлданған құжаттар ғана жүзеге аспақ.

Айта кетейік аталған бағдарлама арқылы 60 мыңнан астам тұрғын пәтерлі болған. Жылдық жарнасы 10,75% ипотекалық несие тұрғындарды тұрғын үй мәселесін шешуге қол жеткізді дейді мамандар.

Сондай-ақ тұрғын үй алуға қатысты елімізде өзге де мемлекеттік бағдарламалар бар. Сарапшылардың айтуынша, енді үкімет солардың шартына өзгеріс енгізуі мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров