Алматыда тағы бір адамнан үнді штаммы анықталды

Нұрболат АДЫРБЕК

Pixabay

Алматыда тағы бір адамға коронавирустың үнді штаммы диагнозы қойылды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау департаментінің орынбасары Лаура Мырзағалидің қатысуымен өткен онлайн брифингте белгілі болды.

Қазір бізде ковидтың үнді штаммы түрімен ауырған екі науқас бар Оның біреуі кеше анықталған 1983 жылы туған әйел мен оның 2013 жылы туған қызы.Үйдің басқа мүшелерінің ауруды жұқтырғаны туралы әзірге ақпарат жоқ,

деді ол.

Осының алдында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың 37 жастағы тұрғыны 21 маусымда анализ тапсырған. Анализ қорытындысы бойынша одан вирустың осы үнді штамм түрі анықталған хабаалаған еді. Науқас қазір жұқпалы аурулар ауруханасында. Және оның жеті жасар қызы да осындағы бөлек палатаға орналастырылған. Сондай_ақ олармен жақын байланыста болған 7 адам да арнайы орындарға оқшауландырылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров