А. Балапанов "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

ТЖҚ баспасөз қызметі

Студент су бұрқақта тоқ ұрған балаларды құтқарған болатын, деп хабарлайды ЭК.

Адамдарды құтқарудағы батылдығы үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапанов "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

ТЖҚ баспасөз қызметіТЖҚ баспасөз қызметі
ТЖҚ баспасөз қызметі

"Төтенше жағдайлар министрінің атынан Сізге белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін ризашылығымды білдіремін! Сіз-бүгінгі күннің батыры атағына лайықтысыз. Сын сағатта екінің бірі Сіз сияқты адам өмірін сақтаумен қатар, өз өмірін қауіпке тігіп, жедел шешім қабылдай алмайтын еді",- деді марапатты табыстаған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев.

ТЖҚ баспасөз қызметіТЖҚ баспасөз қызметі
ТЖҚ баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, 19 маусымда, Абылай су бұрқақтың қасындағы орындықта кітап оқып отырған болатын. Айқай-шу мен көмек сұраған дауыстарды естіген жас жігіт су бұрқақта тоқ ұрып жатқан адамдарды көріп, бірден құтқаруға кірісті. Оның өзін де электр тоғы соққан. Студент өз-өзіне келіп есін жиғанша, сол маңда кездейсоқ келген 40-45 жастағы белгісіз ер адам тағы бір қызды құтқарып қалды.

Жалпы сол күнгі батыл әрекеттің арқасында үш адамның өмірі құтқарылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров