EURO-2020 1/8 финалдық ойындарының кестесі анықталды


© UEFA
Бүгін футболдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне өткен командалардың өзара кездесу кестесі анықталды, деп хабарлайды ЭК.
UEFA-ның ресми сайтында жарық көрген кестеге сәйкес қалған 16 команда белгіленген күндерде 1/8 финалдық матчтарын өткізетін болады.
Бұл ойындар еліміздің "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан қатар көрсетіледі. Сонымен:
26 маусым, 22:00: Уэльс — Дания (Амстердам-Арена, Нидерланды)
27 маусым, 01:00: Италия — Австрия (Уэмбли, Лондон);
27 маусым, 22:00: Нидерланды — Чехия (Пушкаш Арена, Будапешт);
28 маусым, 01:00: Бельгия — Португалия (Олимпико де Севилья — Ла Картужа, Севилья)
28 маусым, 22:00: Хорватия — Испания (Паркен, Копенгаген)
29 маусым, 01:00: Франция — Швейцария (Ұлттық стадион, Бухарест)
29 маусым, 22:00: Англия — Германия (Уэмбли, Лондон)
30 маусым, 01:00: Швеция — Украина (Хэмпден паркі, Глазго).
Осы командалар жарысты әрі қарай жалғастыру мүмкіндігін сарапқа салады.
Кеше яғни, 23 маусымда Еуропа футбол чемпионатының алғашқы топтық кездесулер аяқталып, турнирдің плей-офф ойынына қатысушы елдердің құрамалары белгілі болғанын естеріңізге сала кетейік. Кәрі құрлықтың төрт жылдық футбол тойы 11-шілде күні шымылдығын жабады.