Мәселе арыстанның аланында емес секілді

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

instagram.com / baizaakov

Атышулы блогер Байзақова інісінің аланмен суретке түскенін еш әбестікке санамайды екен, деп хабарлайды ЭК.

"Меніңше мәселе арыстанның күшігінде емес, менде секілді. Көпшілігі менің жеке басыма тиіскен. Егер кінә бізден болса, ініміз екеуміз де кешірім сұрар едік. Бірақ алан торда отырған жоқ. Оны ешкім ұрмайды, қылқындырмайды, одан ешкім ақша да жасамайды. Онымен туристер де фотоға түспейді. Күшіктің бір ғана қожайыны бар және оны жақсы көреді. Құнарлы тамақ береді. Тіпті інім Mercedes-Maybach-та отыр. Тағы да қайталап айтамын арыстанның күшігін еркіндікке жіберсе, ол бірден өледі", — дейді әйгілі блогер Айжан Байзақова өзінің видео жазбасында.

Сондай-ақ ол бір тәулік ішінде күшіктің кімдікі екенін анықтай алмаған құзырлы орган қызметкерлерін де сынап өткен.

Бұдан бұрын мәлім болғанындай, еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, әлеуметтік желіде атышулы Айжан Байзақованың інісі Әлиханның арыстанның күшігімен түскен суретін тексеруді бастаған еді. Осыған орай блогер Instagram парақшасында көпшіліктің пікірінен өзге емес тікелей өзінің жеке басына тиіскенін байқағанын айтыпты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров