"URKER-2021" жеңімпаздары марапатталды

Бек ТӨЛЕУОВ

Бүгін елордада «Urker-2021» ұлттық сыйлығы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ЭК.

Марапаттау рәсімінде жиынды ашып берген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде тек 407 ақпарат құралы болғанын, ал қазір олардың санын өскенін айтты.

"Қазір олардың саны 4,5 мыңнан асты. Осынау қайнаған ақпараттық кеңестікте шыңдалған журналистер арасында бәсеке қашанда жоғары. Биыл бесінші рет өтіп отырған "Үркер" бәйегесі баспа, радио және интернет және фото журналистика саласындағы жаңа есімдерді анықтайтын бірегей жобаға айналды. Жыл сайын өзіндік қолтаңбасы бар талантты тұлғаларды халыққа танымал етіп келеді. 2017 жылдан бастап "Үркер" ұлттық бәйесінде 2830 жоба қаралып, оның 55-і жүлдеге ие болды. Биылғы байқауға 340 өтініш түсті. Оның қай-қайсысы да биік марапатқа, жеңісті жүлдеге лайық. Дегенмен, сайыс болған соң, оның жеңімпазын анықтау заңдылық. Әрбір еңбектің өтеуі болуы тиіс.Биылғы шарада осы ниетпен ұйымдастырылып отыр", — дейді Аида Балаева.

Сонымен, "URKER-2021" жеңімпаздары мынандай:

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал:

Риза Молдашева, "Семей таңы" газеті

Жылдың үздік репортажы:

Әнуар Абдрахманов, "BaigeNews.kz" порталы

Жылдың үздік фотосуреті

Мақсат Шағырбаев. "newsroom.kz" порталы

Жылдың үздік сараптамалық материалы:

Дина Имамбаева, "Ақиқат" журналы

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

"Inform.kz"

Жылдың үздік газеті:

TÚRKISTAN

Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

Қыдырбек Рысбек, "Aiqyn" газеті

Жылдың үздік журналы

"Forbes Kazakhstan"

Жылдың үздік танымдық материалы Өмірбек Сансызбаев, "Massaget.kz" порталы, Жылдың үздік сұхбаты Тамара Вааль, "Vlast.kz" порталы

Ал арнайы номинацияны биыл 100 жылдығын атап өткелі отырған "Қазақ радиосы" алды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров