Таразда алаяқ әйел 10 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Облыс орталығында алаяқ әйел тұрғынның сеніміне кіріп, бір жыл бойы одан ақша алып келген,-деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Polisia.kz сайты жариялады. Тараз қаласының полиция басқармасына 59 жастағы тұрғын хабарласып, өзінің алаяқтың құрбаны болғанын айтады. Алаяқ танысы құқық қорғау органдарымен байланысының мықты екенін айтып, әлгі адамның сеніміне әбден кіргеі. Бірде тіркелмеген қаруды рәсімдеуге, енді бірде ұлына кенеттен заң тұрғысынан туындаған мәселесін шешіп беруге көмектеспек болады. Тұрғынның құқықтық сауатының аздығын пайдаланады. Осындай жолмен әлгі әйел 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың сәуіріне дейін жәбірленушіден 10 миллион теңгеден астам ақша алады. Кейін жәбірленуші қоңырау шалған кезде телефонға жауап бермейді. Осыдан кейін тұрғын полицияға арыз түсірген. Полиция 57 жастағы күдікті әйелді ұстады.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 109 –бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алаяқтың құрбаны болуы мүмкін басқа да адамдар анықталуда.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров