Алматыға азық-түлік үздіксіз жеткізілетін болды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Pixabay

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен көкөніс Алматыға үздіксіз жеткізілетін болды, деп хабарлайды ЭК.

Бүгін Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов пен Серік Тұрдалиев осы мәселе жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Әкімдік өкілдерінен құралған делегация бірнеше өндіріс орнын аралап шықты.

"Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша алғаш рет Алматы облысының тауар өндірушілерінен азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Тауар өндірушілер қаланың сауда желілері мен базарларына делдалсыз тікелей өткізе алады. Біз тауарларды ұсынылған бағаға сәйкес жеткізу және өнім бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу туралы да келістік", — деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов.

Енді фермерлер Алматыға көкөністер, қант, сүт, жұмыртқа, макарон өнімдері, құс еті және басқа да азық-түлік тауарларын еш кедергісіз жеткізбек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров