Салмақ өлшеу кезінде жанжал шықты (видео)

Нұрболат АДЫРБЕК

instagram.com / nfc_qazaqstan

Ережесіз жекпе-жектен жерлесіміз Азамат Бақытов пен Ресейлік Бекхан Умаров өзара текетіресіп қалды, деп хабарлайды ЭК.

Әлеуметтік желідегі бейнежазбадан екі спортшының жарыс алдындағы дәстүрлі салмақ өлшеу кезінде бір-біріне қол жұмсап, кәдімгідей төбелесіп қалғанын көруге болады. Жанжалды бастаған отандасымыз емес Ресей атыныан шығатын кавказдық шешен ұлтының спортшысы Бекхан Умаров екені анық көрінеді. Жанжал сол жердегі жиналған қауымды біраз әбігерге салып қойды. Естеріңізге сала кетсек жекпе-жек ертең Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров