Индонезия Президентінің баспасөз хатшысы Димашқа алғыс айтты

Кәмшат ҚОПАЕВА

Әлеуметтік желіден

Индонезия Президентінің баспасөз хатшысы Фаджрул Рахман әншіге шығармашылығы үшін алғыс білдірді,-деп жазады ЭК.

DimashNews порталының мәлімдеуінше, Фаджрул Рахман өзінің ресми инстаграм парақшасына Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "late Autumn" ("Кеш келген күз") әнінің бейнекөрінісін жариялаған.

Индонезияның мемлекет қайраткерін Димаштың орындауындағы әсем ән таң қалдырыпты. Ол парақшасына:

Димашқа аты аңызға айналған "late Autumn" әні үшін рахмет! Бұл -керемет жоғары ноталар. Мен үшін бұл ән менің Отаным туралы. Рахмет!,

деп жазған.

Фаджрул Рахман 2019 жылдан бастап Индонезия Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарады. Бұған дейі ол белсенді саясаткер және жазушы ретінде танымал. Порталға жарияланған баспасөз хатшысының ыстық лебізін әнші Димаш Құдайберген өз инстаграм парақшасына бөліскен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров