Атырауда мысықты қорлап, басын кескен жігіт ұсталды


instagram.com / help_animals_atyrau
Ол мысықты буындырып, 5-ші қабаттан лақтырып, соңынан басын кесіп алған. Қазір атыраулық 28 жастағы ер азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазады ЭК.
Оқиға қаладағы көпқабатты пәтерлердің бірінде болған. Ер адам өзінің үйіндегі мысықтың басынан қылқындырып, 5 қабаттағы пәтердің терезесінен лақтырып жіберген. Бұл қорлағанына қанағаттанбай, төменге түсіп, мысықтың басын пышақпен кесіп алыпты. Оның бұл әрекетін көршілері көріп, бейнежазбаға түсіріп, еріктілерді шақырған. Еріктілер Атырау қалалық полиция басқармасына шағымданды.


instagram.com / help_animals_atyrau
— Аталған факті бойынша ҚР ҚК 316 бабы бойынша тергеу амалдары басталды,- деп хабарлады ЭК тілшісіне облыстық полиция департаментінің баспасөз-қызметі.
Мысықтың жанын азаптаған атыраулық тұрғын өз кінәсін толық мойындады. Оның бұл іске не үшін барғандығы әзірге белгісіз.