Мұғалімдер оқу кабинеттерін жөндеп, жинаумен айналысқан

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Facebook / Білім Саласындағы Департамент

Заң бұзушылықтарға жол берген директорлар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ЭК.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері өңірдегі мектептердің жұмысын зерделеу барысында біршама заң бұзушылықтарды анықтады.

Қарағанды қалалық білім бөлімінің №44 негізгі орта мектебінде мұғалімдер оқу кабинетін жинаумен айналысса, № 25 жалпы білім беретін мектепте оқу кабинеттеріне жөндеу жұмыстарын жүргізген. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін қос мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Facebook / Білім Саласындағы ДепартаментFacebook / Білім Саласындағы Департамент
Facebook / Білім Саласындағы Департамент

Бұл туралы Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өз фейсбук парақшасында жариялады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров