Жас палуан пойызды сүйреді (видео)


Бейнеден кадр
Мен жалпы салмағы 276 тонналық қос локомотивті жаттығу кезінде 5 метрге дейін сүйреп, Гиннестің рекордын жаңарттым. Ендігі жоспарым — ауыр атлетика түрлерінен әлемдік додаларға қатысу,
Бұл жайында ЭК тілшісі жазады.
Айбар Тұрғанбайұлы Ержанов — Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Игілік ауылында 1982 жылы туған. Бойы 185 см, салмағы 120 келі. Ауыр атлетиканың 8 түрінен "Спорт шебері". Ол бұған дейін таза салмағы 15 тонналық ауыр жүк мәшинесін, 2,5-3 тонналық бірнеше джипті бір сәтте қатар сүйреген.
Айбар жуырда Нұр-Сұлтан қаласындағы Локмотив жасау зауытында болып, әр қайсысы 138 тонна тартатын, ұзындығы 22 метрлік (44 м) 2 локомотивті сүйреді. Видеода көрсетілгендей, алғашқы талпыныста шынжыр үзіліп, Айбар тек екінші мәрте ұмтылғанда ғана ауыр техниканы 5 метр жерге дейін сүйретіп барды.