Түркияда "Қазақстан - ұлылардың Отаны" атты велосаяхат ұйымдастырылады

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Еріктілер 2500 шақырымды велосипедпен жүріп өтпек, деп хабарлайды ЭК.

Бұл бастаманы волонтер Дамир Көшеев қолға алып отыр. Ерікті "Ыстамбұл-Анталья-Анкара-Ыстамбұл" бағытын велосипедпен бағындырмақ. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны "Turan-TV" телеарнасы түгел таспаға түсіріп, көрермен назарына ұсынады.

Түркістан өңірлік коммуникация қызметіТүркістан өңірлік коммуникация қызметі
Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Дамир Көшеев бұған дейін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Алматы қаласынан Жидебай ауылына дейінгі 1200 шақырым жолды 46 күнде жаяу жүріп өткен. Сондай-ақ, Алматыдан Ақтөбе қаласына дейінгі 2200 шақырым жолды велосипедпен 24 күнде бағындырған.

"Түркия — еліміздің егемендігін алғаш мойындаған бауырлас мемлекет. Отыз жыл бойы достық қарым-қатынас жасап келеміз. Түрік ағайындар ұлы ақынымыз Абайға арнап саябақ салып, ескерткіш орнатты. Бұл ел мен тұлғаларға деген құрмет. Біздің саяхаттың тағы бір мақсаты — туыс елге алғыс білдіру, құрмет көрсету", — дейлі Дамир Мархабатұлы.

Түркістан өңірлік коммуникация қызметіТүркістан өңірлік коммуникация қызметі
Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров