Роналдудың басына "кола" жауды

Экспресс К

twitter.com / CristianoXtra_

Еуро-2020 ойындарында Франция құрамасымен кездесіп жатқан Португалия құрамасының шабуылшысы әрі команда капитаны Криштиану Роналдудың басына бөтелке жауды ,деп хабарлайды ЭК.

2:2 есебімен аяқталған матчта Роналду қос голды қатар соғып, әлемдік рекордты жаңғыртқан еді. Кезекті голын соққаннан соң, жанкүйерлер әйгілі футболшыға түрлі затпен бірге кола сусынының босаған құтыларын лақтыра бастады. Абырой болғанда, ішінде коласы бар шөлмектен Роналду жалтарып үлгерген.

twitter.com / kronesporttwitter.com / kronesport
twitter.com / kronesport

Естеріңізге сала кетсек, Португалия-Венгрия кездесуі қарсаңында Роналду баспасөз мәслихатында алдында тұрған кола сусынын шеткері ысырып, таза су құйылған бөтелкені елге көрсетіп "Су — кола емес!" деген болатын. Сол оқиғаны интернет қолданушылар қалжыңға айналдырып, түрлі мемдер түсірді, әлеуметтік желілердеде қызу талқылады. Тіпті, Кока-кола компаниясының арзандап кеткен акцияларын да осы оқиғамен байланыстырған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров