Елена ерлеп тұр

Экспресс К

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық теннисші қыз Елена Рыбакина Ұлыбританияның Истборн қаласында өтіп жатқан теннис жарысында латвиялық қарсыласын ширек финалда жеңіп, келесі айналым - жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ЭК.

Sports.kz-тің жазуынша, Елена рыбакина мен Анастасия Севастова кездесуінде біздің қыз латвиялық қарсыласын үш сетте — 2:6, 7:6, 7:6 есебімен ұтты.

Жартылай финалда Елена "Ролан Гаррос-2017" ойынының чемпионы латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.

Бұған дейін Рыбакина британдық Хэрриет Дартты — 6:2, 6:7, 6:4 есебімен, украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 7:6 есебімен жеңген болатын.

Истборнда өтіп жатқан қыздар арасындағы теннистен WTA рейтингі бойынша өтіп жатқан жарыстың жүлде қоры 565 530 АҚШ долларын құрайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров