COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 414712 ЖАЗЫЛҒАНДАР 389406 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4281

Экспресс К

©️AP/Virginia MAYO

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 мың 445 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады жұма күні covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).

Бір күн бұрын елде 1 мың 496 Сovid-19 оқиғасы анықталды.

Пандемия басталғалы бері елде барлығы 414 мың 712 covid-19 жағдайы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында — 506,

Алматы қаласында — 181,

Шымкент қаласында — 50,

Ақмола облысында — 33,

Ақтөбе облысында — 20,

Алматы облысында — 37,

Атырау облысында — 61,

Шығыс Қазақстан облысында — 87,

Жамбыл облысында — 31,

Батыс Қазақстан облысында — 70,

Қарағанды облысында — 147,

Қостанай облысында — 34,

Қызылорда облысында — 31,

Маңғыстау облысында — 41,

Павлодар облысында — 49,

Солтүстік Қазақстан облысында — 25,

Түркістан облысында — 33.

Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 389 мың 406 адам емделді, оның ішінде 1 мың 235 адам соңғы тәулікте.

25 маусымдағы жағдай бойынша 22 мың 325 адам коронавирустық инфекциядан емделуді жалғастыруда, оның ішінде 21 мың 25 — оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 1 мың 300 — теріс (КВИ-), стационарларда 6 мың 738 пациент, амбулаториялық емдеуде — 15 мың 587 адам.

"КВИ+ және КВИ -науқастарының ішінен 409 пациент ауыр жағдайда, аса ауыр жағдайда — 104, ӨЖЖ аппаратында — 68", — делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров