Үнді штаммы Ухань штаммынан екі есе жұқпалы

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Коронавирустың үнді нұсқасы, яғни "дельта" штаммы бастапқыда Уханьда табылған штаммнан екі есе жұқпалы, деп хабарлайды ЭК Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми қызметкері Сумья Сваминатант осылай мәлімдеген. Оның сөзіне қарағанда, таралу жылдамдығын ескергенде, "дельта" нұсқасы әлемде басымдыққа ие штамм болатын сияқты.

"Жақсы жаңалығымыз сол, бүгінде әлемде қолданылып жатқан вакциналардың дені індеттің ауыр өтуінің алдын алу үшін тиімді,

дейді ғылыми қызметкер.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, "дельта" коронавирусы қазірдің өзінде әлемнің 92 елінде тіркеліп отыр.

Өкінішке қарай, "дельта" штаммы елімізде де табылды. Нұр-Сұлтан қаласында 56 адамның үнді штаммын жұқтырғаны ресми түрде расталды. Санитар дәрігерлер Алматы қаласында да таралуы мүмкін деп дабыл қақты. Артынша бірнеше адамнан табылғаны жөнінде ақпарат тарады. Елімізде карантин шаралары қатаңдай бастады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров