Байлардың байлығы тасып жатыр

Экспресс К

Pixabay

«Өткен жылғы «корона-дағдарысқа» қарамастан, әлемде миллионерлер саны 5 млн адамға артқан. Яғни, тарихта бірінші рет адам санына шаққанда байлар саны 1%-дан енді асты. Қазір дүниежүзінде 56 миллион бай адам бар» деп жазады ЭК швейцариялық Credit Suisse банкі жүргізген зерттеу мәліметтеріне сілтеме жасап.

Аз ғана уақытта бұлай миллионерлердің шығуына — мемлекет тарапынан экономикаға көрсетілген қолдау, проценттік салымдардың төмендеуі, жылжымайтын мүліктің қымбаттауы т.б. бірқатар себептер әсер еткен.

Әсіресе, жедел байығандар саны АҚШ, Австралия, Қытай және Еуропа елдерінде тіркелген.

Ал, Ресейде керісінше, дағдарыс кезінде ұлттық валютасы құнсызданып, көптеген байлар миллиондаған шығынға батқан.

Швейцариялық банктің есебінше, пандемия кезінде Ресейде байлардың саны 14%-ға азайып, халықтың табысы күрт төмендеп кеткен. Есесіне, аз ғана топтың дәулеті тасып, бірнеше адам долларлық көрсеткіш бойынша миллиардерлер сапына қосылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров