Жарылыстан жапа шеккендер көмек ала алмай жүр

Экспресс К

ТЖД

Екі жыл бұрын болған жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының бірнеше тұрғыны өздеріне келген шығынды әлі өндірте алмай жүр деп, жазады ЭК centralasian.org сайтына сілтеме жасай отырып.

Наразы топ әкімшілік ғимаратына барып, қала әкімі Гүлжан Құрманбековамен кездеспек болған. Алайда, оларға әкімнің орынбасарлары мен басқарма басшылары шығып жолыққан. Мәселелері шешілмеген қала тұрғындары журналистерге шағымданғаннан басқа шара таппады.

Қалалық құрлыс басқармасының деректеріне сүйенсек, жарылыстан кейін қайта жөнделген нысандардың кейбірінің жағдайы сын көтермейді. Осы күнге дейін 180 тұрғын өз баспаналарында өмір сүрудің мүмкін еместігін айтып шағымданған. Коммерциялық нысандары зардап шеккен 464 кәсіпкерге өтемақы төленгенімен, қалған 48 кәсіпкерге қаражат жетпей қалған. Әкімдіктегілер 8000 баспана қайта жөнделіп, 500-ге жуық жаңа үй салынған деп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 24-маусымында Арыс қаласындағы әскери қоймадан шыққан өрттен жарылыс болып, 7527 баспана мен 103 көпқабатты үй қирап, қаланың 40 мыңнан аса тұрғыны Шымкентке бас сауғалаған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров