Черчилл салған картина 1,8 млн долларға сатылды

Экспресс К

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилл салған картина Нью-Йорк аукционында 1,8 миллион долларға сатылды, деп жазады ЭК Phillips аукцион үйінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Көлемі 76х63,3 см болатын картинада ағылшынның Бреклс қаласы маңындағы шағын орман бейнеленген. 1921 жылы салынған туынды Черчилдің досы грек кәсіпкері Аристотель Онассистің отбасына тиесілі.

Бұған дейін белгілі кино актриса Анжелина Джоли Черчилдің "Әл-Құтыб мешітінің мұнарасы" деп аталатын картинасын Christie's аукционында 11,5 млн долларға сатқан болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров