Екпе алғандар арасында Дубайға жолдама ойнатылады

Нұрболат АДЫРБЕК

Pixabay

Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алғандар арасында Дубайға жолдама ойнатылып жатыр, деп хабарлайды ЭК.

Акция қаладағы Жетісу аудандық әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен өтеді.

Ұтыс вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар арасында ойнатылады. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары мен қонақтары! Біздің "вакцина ал — жүлделі бол" науқанымыз жалғасады! Екпенің бірінші компонентін салдырып, БАӘ-де екі адамның демалысына жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз! Сертификатты өзіңізге қолайлы уақытта пайдалана аласызі!", — деп жазды Көкебаева.

Кеше басталған акция 11 шілдеге дейін жалғасады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров