Capital Bank Kazakhstan лицензиясынан айырылды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

© ЭК

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Capital Bank Kazakhstan лицензиясынан айырылғанын жария етті, деп хабарлайды ЭК.

"ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 74 қаулысына сәйкес Capital Bank Kazakhstan" АҚ банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды. Лицензиядан айыру күнгі жағдай бойынша Банк активтерінің мөлшері 38,5 млрд теңге, несие портфелі — 33,9 млрд теңге болды. Оның ішіндегі 30,4 млрд теңгесі, яғни Банктің несие портфелінің 89,8%-ы — 90 күннен бері төленбей келген кредиттер", — делінген хабарламада.

Агенттіктің айтуынша, банк пруденциялық нормативтерді бұзып келген және өз клиенттері алдындағы төлемдер мен аударымдар бойынша міндеттемелерін орындамаған.

Банк салымшыларының, жеке тұлғалардың 99%-ның депозиттері "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының" кепілдігімен толық көлемде өтелмек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров