Екінші «заңды» күйеуі бар болып шықты

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Әлеуметтік желіден

Алматылық әйел өзінің екінші күйеуі бар екенін нотариустан кездейсоқ білген, деп жазады ЭК.

Алматы облысының тұрғыны Аида Букаева 24 маусымда нотариустың қабылдауында болған. Құжаттар рәсімдеу барысында мәліметтер базасы оның тағы бір "заңды" күйеуі бар деп шығарған.

"Ал мені құттықтап қойыңыздар. Менің жаңа күйеуім бар. Бұл жаңалықты мен нотариустан біліп отырмын. Оны естіген өзім де, бес баламның әкесі, сүйікті жарым, барлығымыз ес жия алмай отырмыз. Нотариус жаңа күйеуімнің бұрын Есімов болғанын, үйленген соң шынымен де қазіргі күйеуім Нөкеннің тегімен аттас екенін айтты. Қызығы сол мен дәл қазір екі бірдей азаматпен некеде екенмін. Сонда менің 2 күйеуім бар. Бұл дегенің сорақылық. Біздің елімізде ештеңеге таңғалуға болмайды", — деп жазды алматылық Аида Букаева.

Ал "Ұлттық ақпараттық технологиялар" бөлімі болса, eGov.kz-те көрсетілген ақпарат үшін жауап бермейтінін мәлімдеді.

"EGov.kz-те көрсетілетін азаматтар туралы барлық ақпарат мемлекеттік органдардың мәліметтер базасынан алынады. Бұл жағдайда — Әділет министрлігінің Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ақпараттық жүйесіне сұрау салу керек. Сондықтан ақпаратты нақтылау және түзету үшін АХАТ бөліміне жүгінуі керек", — деді Ұлттық ақпараттық технологиялардың баспасөз қызметі.

Алматы облысының әділет департаменті Аида Букаеваның деректерін тексерген. Тексеру нәтижесі нотариустың дерегін жоққа шығарды.

"АХАЖ мемлекеттік деректер қорына сәйкес, А.Нөкен мен Аида Букаеваға қатысты неке қию актісі және мәліметтер базасында бес баласы бар. Дерекқордан Букаеваға қатысты басқа некелер табылған жоқ. Енді нотариат жүйесі тексерілетін болады, бұл жерде техникалық ақаудан мәліметтер дұрыс болмауы мүмкін", — деп жауап берді облыстық әділет департаментінен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров